Онлайн отырыс

Онлайн отырыс

27.05.2021 Жаңалықтар 0

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының жерүсті қызметтерінің станцияларына жиіліктерді беруді келісу бойынша сарапшылық топтың онлайн отырысы.

2021 жылғы 24-25 мамыр аралығында бейнеконференция форматында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының жерүсті қызметтерінің станцияларына жиіліктерді беруді келісу бойынша сарапшылық топтың отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы Байланыс әкімшілігінің атынан топтың жұмысына Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің, «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК-ның өкілдері. Өзбекстан Республикасы Байланыс әкімшілігінің жағынан Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің, «CEMS» мемлекеттік унитарлық кәсіпорнының және «UNICON.UZ» МКК-ның қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының шекаралас аймақтарындағы ұялы байланыс, тіркелген қызмет және хабар тарату қызметінің жиіліктерін үйлестіруге қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Отырыстың негізгі мәселелерінің бірі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы 30,0 – 1000,0 МГц радиожиілік жолағында шекаралас аумақтарда Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының азаматтық радиоқызметтері пайдаланатын радиожиіліктерді бөлуді үйлестіру туралы келісім жобасын, сондай-ақ азаматтық радио қызметтері пайдаланатын 30-1000 МГц радиожиілік жолағында радиожиілік тағайындауларын үйлестірудің техникалық негіздері туралы келісімді әзірлеуді талқылау болды.

Отырыс қорытындысы бойынша сараптамалық топтың қатысушылары келіссөздер хаттамасына қол қойды, сондай-ақ жерүсті қызметтерінің техникалық сарапшылары деңгейінде үйлестіру жұмыстарын жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

five × three =