Мекеме жайлы

Жалпы ақпарат

«Мемлекеттік радиожиілік қызметі» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметінің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 23 ақпандағы қаулысымен құрылды. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ведомствоға бағынысты ұйымы болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты байланыс саласындағы мемлекеттік монополияға жататын қызмет түрлерін жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорынның мемлекеттік монополиясы «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген:

  • Халықтың теле-, радиоарналарды қабылдауы сапасын қоса алғанда, көрсетілетін байланыс қызметтері сапасының параметрлерін өлшеу жөніндегі жұмыстарды орындауды, сондай-ақ радиожиілік спектрінің, радиоэлектрондық құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың мониторингін;
  • Радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді техникалық қамтамасыз ету;
  • Радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының радиожиіліктерінің ресурстарын және орбиталық позицияларын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыру;

Ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорын және абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, олардың жұмыс істеуін, оларды қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз ету, оларға қолжетімділік беруді жүзеге асыру.

Жарғы «МРҚ» РМК

Біліктілік талаптары туралы ережелер

Конкурсты өткізу ережелері

Этика кодексі

Кәсіпорын құрылымы

Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы

Директор

Рахматуллин Асхат Тәттімбетұлы                             «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК директоры

 

 

Өмірбаян

Рахматуллин Асхат Тәттімбетұлы 1987 жылдың 23 қыркүйегінде Алматы қаласында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. Еңбек жолын 2009 жылдың қыркүйек айында Алматы қ. және Алматы облысы бойынша Ақпараттандыру және байланыс басқармасының жоғары дәрежелі инженері лауазымымен бастады; 
2010 жылдың маусым айынан 2013 жылдың ақпан айы аралығында – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК Алматы қ. және Алматы облысы бойынша бөлімшесінің инженері;
2013 жылдың ақпан айынан осы жылдың қазан айы аралығында – «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК Алматы қ. және Алматы облысы бойынша бөлімшесінің инженері;
2013 жылдың қазан айынан 2014 жылдың мамыры аралығында – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетінің сарапшысы;
 2014 жылдың мамыр айынан 2017 жылдың қазан айы аралығында – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің (кейін Агенттік Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, одан кейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі болып қайта аталды) бас сарапшысы;
2017 жылдың қазан айынан 2019 жылдың маусым айы аралығында – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Астана қ. және Ақмола облысы бойынша байланыс инспекциясы басшысының м.а. / бөлім басшысы (кейін Инспекция Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және қорғаныс өнеркәсібі министрлігінің аумақтық бөлімшесі болып қайта құрылды);
2019 жылдың маусым айынан 2020 жылдың тамыз айы аралығында – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қ. және Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы басшысының орынбасары;
2020 жылдың тамыз айынан 2022 жылдың маусым айы аралығында – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қ. және Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясының басшысы лауазымдарын атқарды; 
2022 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2023 жылдың 17 наурызында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры лауазымына тағайындалды.        

Директордың орынбасары

Есболов Ержан Бекенович                                 «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК директорының орынбасары

 

Өмірбаян

Есболов Ержан Бекенұлы 1972 жылы 29 мамырда Талдықорған облысында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары, 1998 жылы Алматы технологиялық институтын бітірген.       

Еңбек жолын 1991 жылдың шілде айында Талдықорған облысының Көксу ауылшаруашылық техникумында зертханашы болып бастаған.

2010 жылдың қараша айынан бастап 2011 жылдың мамыр айы аралығында – Астана қ. Кедендік бақылау департаментінде жұмыс істеді.

2011 жылдың шілде айынан 2012 жылдың қаңтар айы аралығында – «Олимпиадалық даярлау орталығы» РМК директорының орынбасары;

2012 жылдың қазан айынан 2021 жылдың қыркүйек айы аралығында – коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарды атқарды.

2021 жылдың қазан айынан бастап желтоқсан айы аралығында – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті «Инфракос» РМК бас директорының міндетін атқарушы;    

2022 жылдың қаңтар айынан бастап наурыз айы аралығында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті «Инфракос» РМК бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.   

2022 жылғы 07 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары болып тағайындалды.

Директордың орынбасары

Затилда Керей Жұмабекұлы                                    «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК директорының орынбасары

 

Өмірбаян

Керей Жұмабекұлы Затилда 1982 жылы туылған, жоғары білімді, «Көп арналы телекоммуникациялық жүйелер» мамандығы бойынша «Электрлік байланыс инженері» біліктілігі берілді (Алматы энергетика және байланыс институты, Алматы қ., 2004 ж.), «Байланыс кәсіпорындарындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша «Инженер-экономист» біліктілігі берілді (Алматы энергетика және байланыс институты, Алматы қ., 2004 ж.).

Байланыс және ақпараттық технологиялар саласындағы жалпы жұмыс өтілі 18 жылдан асады.      

Еңбек жолын 2004 жылы бастады: «Кселл» АҚ-та IBS жөніндегі инженер, желіні оңтайландыру инженері, радио желінің жетекші инженері лауазымдарын атқарды.    

2010 жылдың ақпан айынан 2013 жылдың сәуір айы аралығында                «Кселл» АҚ техникалық департаментінің «Батыс» өңірінің бастығы;   

2013 жылдың мамыр айынан 2015 жылдың ақпан айы аралығында  «Кселл» АҚ техникалық департаментінің «Оңтүстік» өңірінің бастығы;     

2015 жылдың ақпан айынан 2021 жылдың шілде айы аралығында            «Кселл» АҚ техникалық департаментінің Алматы өңірінің бастығы лауазымдарын атқарды. 

2021 жылдан бастап 2023 жылғы 12 мамырға дейін «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы – Техникалық директор лауазымын атқарды.      

2023 жылғы 12 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Директордың орынбасары

Ешмухамбетов Арман Талгатович                          «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК директорының орынбасары

 

Өмірбаян

Ешмұхамбетов Арман Талғатұлы 1989 жылы 19 шілдеде Астана қаласында дүниеге келген, ұлты – қазақ. «Құқықтану» мамандығы бойынша құқық бакалавры дәрежесіне (М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті, Астана қ., 2012 ж.), «Экономика» мамандығы бойынша Экономика және бизнес магистрі дәрежесіне («Тұран – Астана» университеті, Астана қ., 2014 ж.) ие. 

Еңбек жолын 2010 жылы «Қарасу-Ет» ЖШС Заң бөлімінің бастығы болып бастаған.

2013 жылдың сәуір-қазан айлары аралығында «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ бөлшек сауда желісін дамыту қызметінің маманы.

2013 жылдың қазан айынан 2014 жылдың желтоқсан айына дейін «ЕО Арнайы транссервис» ЖШС заңгері лауазымын атқарды.

2015 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін «Отбасылық денсаулық орталығы» ШЖҚ РМК заңгері лауазымын атқарды. 

2015 жылғы тамыздан бастап 2019 жылғы сәуірге дейін прокуратура органдарында жұмыс істеді, атап айтқанда Көкшетау көлік прокурорының көмекшісі, прокурор, Қостанай көлік прокуратурасының аға прокуроры, Қостанай облысы Прокуратура басқармасының прокуроры лауазымдарын атқарды.   

2019 жылғы қазаннан бастап 2021 жылғы қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) жұмыс істеді. Әр уақытта Министрліктің жобалық кеңсесінің бас сарапшысы, Министрліктің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Дербес деректерді қорғау басқармасының бас сарапшысы, Министрліктің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті Байланыс саласындағы жаңа технологияларды дамыту басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

2021 жылғы қыркүйектен бастап 2023 жылғы 14 маусымға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі алқа мүшесінің (министрдің) көмекшісі.

2023 жылғы 15 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары болып тағайындалды.

Директордың орынбасары

Гульнара Сембековна Букеева                                 «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК директорының орынбасары

 

Өмірбаян

Гульнара Сембековна Букеева 1963 жылы туылған, «Көп арналы электр байланысы» мамандығы бойынша жоғары білімі бар (Ташкент электротехникалық байланыс институты, 1988 ж.).

Байланыс саласындағы жалпы жұмыс өтілі 42 жылдан асады.      

Еңбек жолын 1981 жылы МТС цехының телефонист оқушысы ретінде бастады.

1982 жылдың қаңтар айынан желтоқсан айы аралығында Шымкент облысының Шымкент телеграфты-телефондық станциясының III класс телефонисі;

1988 жылдың тамызынан 1991 жылдың шілдесіне дейін Шевченко ТТС ЛТУ-2 3-санатты электромонтері;

1991 жылдың шілдесінен 1996 жылдың қыркүйегіне дейін Ақтау политехникалық институтының 2-санатты маманы;

2000 жылдың мамырынан 2001 жылдың маусымына дейін АОТД Қарасай телекоммуникация бөлімшесінің техникалық пайдалану орталығының ЛТУ-5 электромеханигі;

2002 жылдың мамырынан 2003 жылдың қазанына дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің РЖС пайдалануды жоспарлау бөлімінің бас маманы;

2003 жылдың қазанынан 2007 жылдың қазанына дейін Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті Байланыс саласындағы РЖС меншіктеу және мемлекеттік қадағалау бөлімінің РЖС меншіктеу бөлімінің бас маманы;

2007 жылдың қазанынан 2008 жылдың наурызына дейін Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті Байланыс саласындағы РЖС меншіктеу және мемлекеттік қадағалау бөлімінің бастығы;

2008 жылдың наурызынан 2010 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті Байланыс саласындағы РЖС меншіктеу және мемлекеттік қадағалау басқармасының бас сарапшысы;

2010 жылдың шілдесінен 2012 жылдың наурызына дейін Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Лицензиялау және РЖС тағайындау басқармасының бастығы;

2012 жылдың наурызынан 2014 жылдың мамырына дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпарат комитеті Лицензиялау және радиожилік спектрін тағайындау басқармасының басшысы;

2014 жылдың мамырынан 2014 жылдың қазан айы аралығында Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Лицензиялау және радиожиілік спектрін тағайындау басқармасының басшысы;

2014 жылдың қазанынан 2016 жылдың маусымына дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Лицензиялау және РЖС тағайындау басқармасының басшысы;

2016 жылдың маусымынан 2017 жылдың мамырына дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс департаменті РЖС жоспарлау және халықаралық үйлестіру басқармасының басшысы;

2017 жылдың мамырынан 2018 жылдың қазанына дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті  директорының орынбасары;

2018 жылдың қазанынан 2022 жылдың маусымына дейін Қазақстан  Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры;

2022 жылдың маусымынан 2024 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

Еңбек жолында:

– «Астанаға 10 жыл» медалімен;

– «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен;

– «Ерен еңбегі үшін» медалімен;

– «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталған.

         2024 жылғы 21 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

Радиомониторинг департаменті

Радиомониторинг департаментінің негізгі міндеттері: 
• радио сигналдардың параметрлерін өлшеуді, радиоэлектрондық аппаратураның жанама электромагниттік сәулеленуін анықтауды қоса алғанда, радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жөніндегі жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету;
• Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып әрекет ететін РЭҚ және жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау жөніндегі жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету.
Директор Жумасейтов Саттар Саясатович
Телефон: +7 (7172) 57-61-03
E-mail: s.zhumasseitov@rfs.gov.kz

Байланыс сапасын бақылау департаменті

Байланыс сапасын бақылау департаментінің негізгі міндеттері:
• байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтері сапасының техникалық параметрлерін өлшеу жөніндегі жұмыстарды орындау;
• халықтың теле -, радиоарналарды қабылдау сапасының техникалық параметрлерін өлшеу бойынша жұмыстарды орындау.
Директор Есмағамбетов Бақтияр Талгатулы
Телефон: +7 (7172) 57-55-47
E-mail: b.esmagambetov@rfs.gov.kz

                                                                                                                     Өңірлік даму департаменті
Өңірлік даму департаментінің негізгі міндеттері:
• техникалық ресурстарды есепке алу және жоспарлау жөніндегі міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ кәсіпорынның өңірлік бөлімшелерін ұстауға байланысты шарттарды сүйемелдеу.
Директор Қасымбеков Дәулет Серикович
Телефон: +7 (7172) 57-61-07
E-mail: d.kassymbekov@rfs.gov.kz

Радиожиілік спектрін реттеу департаменті

Радиожиілік спектрін реттеу департаментінің негізгі міндеттері:
• Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер ресурсын (жерүсті қызметтерін), орбиталық позицияларын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық сүйемелдеу;
• Халықаралық ақпараттық жиілік циркулярларына сараптама жүргізу;
• ҚР АЖ мекенжайына жіберілетін шетелдік РЭҚ-тың электромагниттік үйлесімділігін есептеу;
• Қазақстан Республикасының жерүсті қызметтерінің Үйлестіру нысандарын қалыптастыру;
• Қазақстан Республикасының жерүсті қызметтері станцияларының нотификациялық нысандарын құру және нотификациялау (жариялау);
• Қазақстан Республикасында радиобайланыстың перспективалық технологияларын жоспарлаумен және енгізумен байланысты жұмыстарды, сондай-ақ радиожиілік спектрін, спутниктік және мобильді байланысты реттеу саласындағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Директор Магзумов Ануар Алданышевич
Телефон: +7 (7172) 57-55-86
E-mail: a.magzumov@rfs.gov.kz

Радиожиілікті қамтамасыз ету департаменті

Радиожиілікті қамтамасыз ету департаментінің негізгі міндеттері:
• ұялы байланыстың базалық станцияларының электромагниттік үйлесімділігін, құрлық-жылжымалы байланыс жүйесінің базалық станцияларының (ретрансляторларының), сымсыз кең жолақты радиоқабылдағыштың, жағалау станцияларының және теңіз қызметінің радиолокациялық станцияларының жиіліктік • • • берілуін есептеуді жүргізу;
• радиорелелік жүйелерді, жерсеріктік байланыс, телевизия және радиохабар тарату станцияларын ұйымдастыру үшін РЭҚ электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу;
• Қазақстан Республикасының елді мекендерінде байланыс желілерінің болуы және байланыс сапасын бақылау нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын РЭҚ және радиожиілік берілімдер тізілімін (деректер базасын) және интернет-ресурсты жүргізуді техникалық қамтамасыз ету (телекоммуникациялардың цифрлық картасы).
Директор Тургумбаев Чингиз Мендыбаевич
Телефон: +7 (7172) 57-61-02
E-mail: ch.turgumbayev@rfs.gov.kz

Инфокоммуникациялық технологиялар департаменті

Инфокоммуникациялық технологиялар департаментінің негізгі міндеттері:
• ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорын және абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын;
• қалыптастыруды, жұмыс істеуді, сүйемелдеуді және дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау бөлігінде кәсіпорынның өндірістік қызметін үйлестіру;
• желілік, телекоммуникациялық, серверлік жабдықтарды, операциялық жүйелерді, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді жобаларды техникалық сүйемелдеу және әкімшілендіру;
• есептеу және көбейту техникасын, перифериялық құрылғыларды, аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық қолдау, пайдаланушыларды техникалық қолдау.
Директор Адильбаев Даурен Амангельдыевич
Телефон: +7 (7172) 57-55-80
E-mail: d.adilbayev@rfs.gov.kz

Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бас инспектор

Кәсіпорынның ақпараттық тәуекелдерін талдаумен, олардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлейді және енгізеді. Бас инспектордың міндеттеріне сондай-ақ деректерді қорғау бойынша техникалық құралдарды орнату, баптау және сүйемелдеу кіреді. Бас инспектор сондай-ақ қызметкерлерді ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту және кеңес беру бойынша іс-шаралар өткізеді және нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлейді.
Бас инспектор Кожаназаров Замир Алиевич
Телефон: +7 (7172) 57-55-60
E-mail: z.kozhanazarov@rfs.gov.kz

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі бас инспектор

Кәсіпорындағы құрылымдық бөлімшелердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтауына ішкі бақылау жүргізу; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде кіріспе нұсқама жүргізу; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытуды ұйымдастыру және білімдерін тексеру; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылу фактілері бойынша қызметтік тексерістерді ұйымдастыру және қатысу.
Бас инспектор Казимиров Владимир Викторович
Телефон: +7 (7172) 57-55-60
E-mail: v.kazimirov@rfs.gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің бас инспекторы

Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын ішкі бақылауды жүзеге асырады; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқама өткізуді; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, білімді тексеруді ұйымдастыруды; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерулерді ұйымдастыруды және өткізуге қатысуды жүзеге асырады.
Бас инспектор Тұрысов Алан 
Телефон: +7 (7172) 27-31-83
E-mail: a.turyssov@rfs.gov.kz

 

Мекенжай: Қазақстан Республикасы 010000, Астана қ., А. Иманов көш. 13, 6 қабат
Кеңсе: 8 (7172) 57-55-92, 57-61-01, info@rfs.gov.kz
Кадрлық қызметі: 8 (7172) 57-61-01, hr@rfs.gov.kz
Азаматтарды қабылдау және өтініштерді қарастыру мәселелері бойынша консультациялар: 8 (7172) 57-61-01

Өңірлік бөлімшелер

Орталық өңірі

Изденов Жаслан Елеусызович                                                                                  Орталық өңір бөлімше бастығы Өмірбаян

Изденов Жаслан Елеусізұлы, қазақ, 1970 жылы 30 сәуірде Павлодар қаласында дүниеге келген.
Білімі:
1) 1987 жылдан бастап 1993 жылға дейін «Радиотехника» мамандығы бойынша Новосібір электротехникалық институты;
2) 2002 жылдан бастап 2003 жылға дейін «Халықаралық басқару» мамандығы бойынша Үнді Халықаралық басқару институты;
3) 2005 жылдан бастап 2007 жылға дейін «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазақстан құқықтану және халықаралық қатынастар институты.
Жұмыс тәжірибесі:
Еңбек жолын 1993 жылы Павлодар қаласындағы «БИНА» АТҚ-да директор болып бастаған.
2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетінде бас маман болып жұмыс істеді.;
«KazTransCom» АҚ филиалының жетекші инженері лауазымында жұмыс істеді.
2005 жылдан 2007 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің «Павлодар облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс басқармасы» ММ-де басқарма бастығы қызметін атқарды.
2008 жылдан 2013 жылға дейін «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС департамент директоры болып жұмыс істеді.
2013 жылдан бастап 2015 жылға дейін «Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің орталық штабы «РМҚК» жедел ден қою және дайындық орталығы» филиалында (бас менеджер, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары) әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» РМК бас коменданты болып жұмыс істеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» ШЖҚ РМК Радиомониторинг департаменті Радиомниторинг жүйелерін пайдалану қызметінің орталық аймағының бастығы лауазымында жұмыс істейді.
1988 жылдан 1989 жылға дейін Сібір әскери округінде КСРО Қарулы Күштерінде қызмет етті.
Үйленген, екі баласы бар.

Солтүстік өңірі

Синельников Игорь Владимирович                                                                           Солтүстік өңірдің бөлімше бастығы Өмірбаян

Синельников Игорь Владимирович, орыс, 1966 жылы 6 шілдеде Қостанай қаласында дүниеге келген.
Білімі:
Жоғары, 1992 жылы Ташкент электротехникалық байланыс институтын «Радиобайланыс, радиохабар тарату және теледидар» мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс тәжірибесі:
Еңбек жолын 1983 жылдың тамыз айында Қостанай телеграф-телефон станциясының МТС желілік цехында электромонтердің оқушысы болып бастады, кейін 3-разрядты электромонтер лауазымына ауыстырылды.
1984 жылғы қарашадан 1986 жылғы желтоқсанға дейін КСРО ҚМ қатарында қызмет атқарды.
1989 жылғы қаңтардан 1991 жылғы тамызға дейін Қостанай облыстық Байланыс кәсіпорнының электр байланысы өндірістік зертханасының 2-санатты инженері болып жұмыс істеді.
1994 жылдың мамыр айына дейін Қостанай облысының Заречный кентіндегі Заречный совхозрабкоопының радиоаппаратурасын жөндеу жөніндегі инженер лауазымында жұмыс істеді.
1994 жылғы қыркүйектен 1995 жылғы маусымға дейін Затобол кентінде Қостанай аудандық телекоммуникация торабының электр байланысы өндірістік зертханасының инженері болып жұмыс істеді.
1995 жылдың шілдесінен 1996 жылдың тамызына дейін «Қостанайэнерго» орталық электр желілері кәсіпорнының МССДТУ қызметінің жоғары жиілікті байланыс және телемеханика инженері болды.
1996 жылдың қазанынан 2013 жылға дейін үкіметтік байланыс Агенттігінің арнайы байланыс бөлімшесінің офицері, ҚР Президенті Күзет қызметінің күзет офицері, үкіметтік байланысты қамтамасыз ету орталығының аға офицері, ҚР ҰҚК арнайы ақпараттық қызметінің аға жедел уәкілі болып жұмыс істеді.
2014 жылғы 4 мамырда «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК-ға радиомониторинг Басқармасының радиомониторинг жүйелерін пайдалану қызметінің Қостанай облысы бойынша бөлімшесінің инженері болып жұмысқа қабылданды.
2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жетекші инженер лауазымына тағайындалды.
Қазіргі уақытта «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК техникалық мониторинг департаментінің радиомониторинг жүйелерін пайдалану қызметінің Солтүстік өңірі бойынша бөлімше бастығы лауазымында қызметін жүзеге асырады.
Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

Батыс өңірі

Тлегенов Қайрат Мұхамбетқалиұлы                                                                        Батыс өңірінің бөлімше бастығы Өмірбаян

Тілегенов Қайрат Мұхамбетқалиұлы, қазақ, 1963 жылы 1 шілдеде Ақтөбе облысының Алға қаласында дүниеге келген.
Білім:
1985 жылы Ақтөбе байланыс электротехникумын «Автоматты электр байланысы» мамандығы бойынша бітірді.
2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс тәжірибесі:
1988 жылдан 1994 жылға дейін КСРО Қорғаныс министрлігінің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс радиотехникалық әскерлерінде радио қабылдау пунктінің бастығы болып жұмыс істеді.
2004 жылдан 2008 жылға дейін Ақтөбе облысы бойынша ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс және ақпараттандыру инспекциясында бас маман болып жұмыс істеді.
2009 жылдан 2018 жылға дейін «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК-да әртүрлі лауазымдарда (жетекші инженер, Батыс өңірі бойынша бөлімше бастығы) жұмыс істеді.
2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК техникалық мониторинг департаментінің радиомониторинг жүйелерін пайдалану қызметінің Батыс өңірі бойынша бөлімшесінің бастығы лауазымында жұмыс істейді.
2015 жылы «Үздік байланысшы» төсбелгісімен марапатталған.
Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

Шығыс өңірі

Рачков Сергей Владимирович                                                                                      Шығыс өңірінің бөлімше бастығы Өмірбаян

Рачков Сергей Владимирович, орыс, 02.07.1972 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген.
Білім:
1) Орта-арнайы – Павлодар қаласының СПТУ-7 (1987-1990жж.), мамандығы: радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптардың монтажшысы;
2) Жоғары-Павлодар мемлекеттік университеті (1990-1995 жж.), мамандығы: инженер-механик;
3) Жоғары-Қазақстан – Ресей университеті (АрММ, Мәскеу қ.) (2002-2006 жж.), мамандығы: заңгер.
Жұмыс тәжірибесі:
1996 жылдың ақпанынан 1997 жылдың қаңтарына дейін «Павлодартрактор» АҚ, СЛЦ-2 ауысым шебері болып жұмыс істеді. 1997 жылғы қаңтардан 2013 жылғы қарашаға дейін ішкі істер органдарында қызмет атқарды.
2013 жылғы желтоқсанда «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК-ға Радиомониторинг басқармасының Радиомониторинг жүйелерін пайдалану қызметі Павлодар облысы бойынша бөлімшесінің бірінші санатты инженері ретінде жұмысқа қабылданды.
2015 жылғы 26 наурызда Радиомониторинг департаментінің Радиомониторинг жүйелерін пайдалану қызметі Павлодар облысы бойынша бөлімшесінің жетекші инженері лауазымына тағайындалды.
2018 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК-да Техникалық мониторинг департаментінің Радиомониторинг жүйелерін пайдалану қызметінің Шығыс өңірі бойынша бөлімшесінің бастығы лауазымында жұмыс істейді.
«Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалі, ҚР ІІМ «Мінсіз қызметке 10 жыл» медалі, сондай-ақ 2018 жылы «Үздік байланысшы» төсбелгісімен марапатталған.
Үйленген, екі баласы бар.

Оңтүстік өңірі

Құнанбаев Тимур Пулатович                                                                                        Оңтүстік өңірінің бөлімше бастығы Өмірбаян

Құнанбаев Тимур Пулатович, қазақ, 1977 жылы 8 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген.

Білім:

1996-2000 жылдары – «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.

2004-2009 жылдары – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша Алматы энергетика және байланыс институты.

2010-2011 жылдары – «Менеджмент» мамандығы бойынша «Мирас» Университеті.

2016-2018 жылдары – «Экономика» мамандығы бойынша «Мирас» Университеті.

Жұмыс тәжірибесі:

Еңбек жолын 2000 жылы «Технопарк-Оңтүстік «Аймақтық инновациялық орталығы» ААҚ бас директорының сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі орынбасары қызметінен бастады.

2001-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді.

2007-2011 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының экономикалық талдау, Мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы лауазымында жұмыс істеді.

2011-2021 жылдары Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникация комитетінің өңіраралық байланыс инспекциясының басшысы болып жұмыс істеді.

2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» ШЖҚ РМК техникалық мониторинг департаментінің радиомниторинг жүйелерін пайдалану қызметінің оңтүстік өңірінің бастығы лауазымында жұмыс істейді.