25.11.2022 Жаңалықтар 0

 

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Республикасы Байланыс әкімшіліктері делегацияларының өкілдері арасында жерсеріктік желілерді үйлестіру кездесуі

          Ресей Федерациясы Байланыс әкімшілігінің өкілдері және Қазақстан Республикасы Байланыс әкімшілігінің өкілдері 2022 жылғы 14-18 қараша аралығында бейнеконференция форматында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының спутниктік желілерін үйлестіру бойынша онлайн кездесу өткізді.

 Бұл кездесудің мақсаты Халықаралық электр байланысы одағына мәлімделген қолданыстағы және жоспардағы геостационарлық және геостационарлық емес жерсеріктік желілерді үйлестіру мәселелерін талқылау бойынша жұмыстарды жалғастыру болды.  

Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі атынан делегация құрамында «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК және Қазақстан Республикасының ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы «РҒБО» өкілдері болды. Ресей Телекоммуникациялар саласында реттеуші органның өкілдері (Ресей Федерациясы Байланыс әкімшілігі), Ресей Қорғаныс министрлігінің, ФСО, ФГУП «Космическая связь», «Российские космические системы» АҚ, «Газпром космические системы» АҚ, «Информационные спутниковые системы» АҚ, Научно-исследовательскый институт радио, «Бюро 1440» ЖШҚ, «НИЦ Планета» ФГБУ жерсеріктік операторлары қатысты.   

Халықаралық электр байланысы одағына мәлімделген Қазақстан делегациясы мен Ресей делегациясыларының жерсеріктік желілері бір біріне жақын орналасқан және орбиталық-жиілік ресурсын бірігіп пайдалану мәселесін келісуді қажет етеді.       

Келіссөздер барысында тараптар үйлестірілетін жерсеріктік желілер арасындағы өзара бөгеуілдердің деңгейіне тиісті есептеулер жүргізіп, осы жерсеріктік желілерді үйлестіруді аяқтау бойынша техникалық талаптарды талқылады, сондай-ақ қолданыстағы және жоспардағы жерсеріктік желілерді пайдалану бойынша ақпарат алмасты.

Келіссөздер өзара түсіністік пен конструктивті ынтымақтастық деңгейінде өтті.

Осы кездесудің қорытындысы бойынша тараптар орбиталық-жиілік ресурсын үйлестіру және тиісті Келіссөздер хаттамасына қол қойды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

two × four =