Халықаралық электр байланысы одағы Радиобайланыс бюросының 5D жұмыс тобының 47-отырысы

Халықаралық электр байланысы одағы Радиобайланыс бюросының 5D жұмыс тобының 47-отырысы

15.10.2024 Жаңалықтар 0

       

       2023 жылғы 03-11 қазан аралығында Швейцарияның Женева қаласында Халықаралық электр байланысы одағы (ХЭО) Радиобайланыс бюросының 5-ші зерттеу комиссиясы 5D жұмыс тобының 47-отырысы өтті.

       5D жұмыс тобы қазіргі Халықаралық жылжымалы байланыстың (IMT) IMT-2000, IMT-Advanced және IMT-2020, сондай-ақ болашақ IMT жүйелерін қоса, IMT жерүсті сегментіне қолданылатын жалпы радиожүйе аспектілеріне жауапты. Ағымдағы зерттеу кезеңінде 5D жұмыс тобы 2027 жылғы Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясы (ДРК-27) күн тәртібінің 1.7 тармағы бойынша дайындық жұмыстарына жауапты топ болып табылады және ДРК-27 күн тәртібінің 1.13 тармағы бойынша 4C жұмыс тобымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

       5D жұмыс тобы отырысына ХЭО мүше мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен жеке компаниялардың 600-ден астам өкілдері қатысты.

       Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігіннің делегациясы құрамында «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілдері қатысты, олар ДРК-27 күн тәртібінің тармақтары бойынша Байланыс саласындағы аймақтық достастық шеңберінде бірлескен зерттеулердің үйлестірушілері болып табылады.

       Жұмыс топтары шеңберінде ДРК-27 күн тәртібіндегі тармақтар, IMT жүйелерінің басқа қызметтермен үйлесімділігін зерттеу, IMT сипаттамалары және IMT жүйелерінің жерүсті сегментіне қатысты басқа мәселелер бойынша талқылаулар өтті. Сонымен қатар, IMT жерүсті желілерін қамтуға қосымша, ғарыш станциялары мен пайдаланушы жабдықтары арасында тікелей қосылу үшін жылжымалы жерсеріктік қызметке ықтимал жаңа бөлулерді зерттеуге қатысты ДРК-27 күн тәртібінің 1.13-тармағы бойынша 5D және 4C жұмыс топтарының бірлескен отырысы өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

2 × 2 =