Радиожиілік спектрін және жерсеріктік орбиталарды пайдалануды реттеу жөніндегі Байланыс саласындағы аймақтық достастық комиссиясының жиырма жетінші отырысы

2025 жылғы 7-11 сәуір аралығында Душанбе қаласында, Тәжікстан Республикасы, Радиожиілік спектрін және жерсеріктік орбиталарды пайдалануды реттеу жөніндегі Байланыс саласындағы аймақтық достастық комиссиясының (БАД комиссиясы) 27-ші отырысы және оның жұмыс органдарының отырыстары өтті.
БАД комиссиясының 27-ші отырысы аясында «Цифрлық трансформация: перспективалар мен шешімдер» жоғары деңгейдегі форумы өтті. Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Байланыс қызметі БАД-пен бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға цифрландыру және байланыс саласындағы бейінді министрліктер мен жетекші ұйымдардың 40-тан астам өкілдері қатысты. Қатысушылар ТМД елдеріндегі цифрландыру саласындағы көпжақты өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын талқылады.
БАД комиссиясының негізгі мақсаты радиожиілік спектрін және жерсеріктік орбиталарды БАД қатысушы елдерінің барлық қолданушыларының мүддесі үшін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады.
Отырыс жұмысына Армения Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы Байланыс әкімшіліктерінің, сондай-ақ Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс бюросы, 1-ші өңірдің Халықаралық радиоәуесқойлар одағы (IARU-R1), GSMA, Huawei Technologies Co., Ltd., Eutelsat OneWeb, PIP, Америка мемлекеттері ұйымына қатысушы елдердің электр байланысы жөніндегі америкааралық комиссиясы (СИТЕЛ), Почта және электр байланысы әкімшіліктерінің Еуропалық конференциясы (СЕПТ), және БАД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігіннің делегациясы құрамында «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілдері қатысты, олар БАД комиссиясының және оның жұмыс органдарының құрамына кіреді, сондай-ақ ағымдағы зерттеу циклінде 2027 жылғы Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясының (ДРК-27) күн тәртібінің тармақтары бойынша БАД шеңберінде бірлескен зерттеулердің үйлестірушілері болып табылады.
БАД комиссиясының отырысында радиобайланыс және хабар таратудың өзекті мәселелері, сондай-ақ БАД комиссиясы жұмыс органдарының есептері қаралды.
ҚР БӘ техникалық сарапшылары ДРК-27 күн тәртібінің тармақтары бойынша үйлестірушілердің материалдарын, сондай-ақ ДРК-27 күн тәртібінің 1.5-тармағы бойынша зерттеулерді қолдауға және жерсеріктік орбиталардың жаңа анықтамаларын қарастыруға қатысты ҚР БӘ ұсыныстарын таныстырды. Сонымен қатар, ҚР БӘ атынан БАД қатысушы елдерінде радиожиілік спектрін бөлу және пайдалану үшін ақы төлеу бойынша құжат жобасын және БАД қатысушы елдерінде ұялы жылжымалы байланыстың репитерлерін (ретрансляторларын) пайдалануды реттеу бойынша құжат жобасын әзірлеуге қатысты ұсыныстары таныстырылды.