Халықаралық электр байланысы одағының «Келесі буын ұялы байланыс желілерін іске қосу (IMT-2020/5G)» тренингі

Халықаралық электр байланысы одағының «Келесі буын ұялы байланыс желілерін іске қосу (IMT-2020/5G)» тренингі

21.09.2022 Жаңалықтар 0

         

          2022 жылғы 6-8 қыркүйек аралығында Халықаралық электр байланысы одағы (ХЭО) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің шақыруымен Нұр-Сұлтан қаласында «Келесі буын ұялы байланыс желілерін іске қосу (IMT-2020/5G)» тренингін өткізді. Тренинг ХЭО мен Корея Республикасының Ғылым және АКТ министрлігінің (MSIT) ынтымақтастығы аясында өткізілді. Тренингке Байланыс әкімшілігінен, реттеуші органдардан, байланыс операторларынан, ғылыми-зерттеу ұйымдарынан және Қазақстан Республикасының жеке секторынан 84 (50 офлайн және 34 онлайн) маман қатысты. Іс-шараның дайындығына және өткізілуіне «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК белсенді көмек көрсетті.

          Тренингтің бірінші күні технологиялық трендтердің жалпы шолуына, 5G желілерінің негізгі ерекшеліктеріне және 5G желілерін іске қосудың әртүрлі аспектілеріне, ең алдымен жаңа қызметтер мен оларды дамыту стратегиясы, операторлардың тиісті бизнес-модельдері тұрғысынан алғандағы аспетілеріне арналды.

          Тренингтің екінші күні IMT-2020 желілерін стандарттау мәселелеріне және 5G/IMT-2020 желілерін ұлттық деңгейде енгізудің түрлі аспектілеріне, соның ішінде жаңа радиожиілік жолақтарын бөлу тәсілдеріне, 5G желілерін іске қосу стратегиясына және инфрақұрылымды бірлесіп пайдалану мәселелеріне арналды.

          Үшінші күні 5G/IMT-2020 желілерін дамытуға екпін қою үшін ескірген буын желілерін өшіруді жоспарлау мәселелеріне арналды. Сонымен қатар, 5G желілерін дамытудың ұзақ мерзімді үрдістері туралы баяндама және 6G желілерін дамыту бойынша болжамдар ұсынылды.

       

          Үш күннің баяндамаларын талқылау және 5G/IMT-2020 желілерін енгізудің ең өзекті мәселелері бойынша өткізілген ашық пікірталас нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасында да, бүкіл өңірде де 5G/IMT-2020 желілерін одан әрі дамыту үшін пайдалы болуы мүмкін бірқатар пікірлер мен ұсынымдар айтылды.

          

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

3 × 4 =