Құрметті азаматтар!

Құрметті азаматтар!

24.08.2022 Жаңалықтар 0

          Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары І: Құзыреттер орталықтары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жарияланғанын хабарлайды.

          Гранттық бағдарламаның мақсаты – жаңа технологияларды (ҒЗТКЖ) әзірлеу, зертханалық ауқымда өндірістік процестерді модельдеу және жетілдіру («модельдік фабрика»), сондай-ақ саланы дамыту бойынша талдау және ұсынымдарды әзірлеу арқылы өнеркәсіптің жүйелік салалық міндеттерін шешуге бағытталған құзыреттер орталықтарын құру.

          Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 19 тамызда басталып, 2022 жылғы
20 қыркүйекте Нұр-сұлтан уақыты бойынша 18 сағат 00 минутта аяқталады.

          Гранттық бағдарламаны тиімді іске асыру мақсатында Сізден әлеуметтік желілерде, сіздің ұйымыңыздың веб-сайттарында, сондай-ақ Сіздің ұйымыңыздың барлық мүдделі тараптары арасында конкурстың басталуы туралы ақпаратты таратуды сұраймыз.

          Гранттық бағдарлама бойынша толық ақпаратты Жобаның сайтынан таба аласыз www.fpip.kz. Барлық сұрақтар бойынша consortia@fpip.kz электронды поштасы немесе +7 777 149 80 36 телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

11 + 15 =