Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы Байланыс әкімшіліктері делегацияларының өкілдері арасында жерсеріктік желілерді үйлестіру кездесуі

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы Байланыс әкімшіліктері делегацияларының өкілдері арасында жерсеріктік желілерді үйлестіру кездесуі

22.08.2022 Жаңалықтар 0

       2022 жылдың 9 – 11 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі мен Беларусь Байланыс әкімшілігі өкілдері арасында екінші кездесу ұйымдастырылды.

       Бұл кездесудің мақсаты Халықаралық электр байланысы одағына мәлімделген қолданыстағы және жоспардағы геостационарлық және геостационарлық емес жерсеріктік желілерді үйлестіру мәселелерін талқылау бойынша жұмыстарды жалғастыру болды.

       Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі атынан делегация құрамында «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК өкілдері болды. Беларусь Байланыс әкімшілігі делегациясында «БелГИЭ» мемлекеттік кәсіпорнының директоры, директордың орынбасары, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы және халықаралық РЖ қорғанысын бақылау тобының жетекші инженері қатысты.

       Халықаралық электр байланысы одағына мәлімделген Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі мен Беларусь Байланыс әкімшілігінің жерсеріктік желілері бір біріне жақын орналасқан және орбиталық-жиілік ресурсын бірігіп пайдалану мәселесін келісуді қажет етеді.

       Келіссөздер барысында тараптар үйлестірілетін жерсеріктік желілер арасындағы өзара бөгеуілдердің деңгейіне тиісті есептеулер жүргізіп, осы жерсеріктік желілерді үйлестіруді аяқтау бойынша техникалық талаптарды талқылады, сондай-ақ қолданыстағы және жоспардағы жерсеріктік желілерді пайдалану бойынша ақпарат алмасты.

       Келіссөздер өзара түсіністік пен конструктивті ынтымақтастық деңгейінде өтті.

       Осы кездесудің қорытындысы бойынша тараптар орбиталық-жиілік ресурсын үйлестіру және бірлесіп пайдалану жөнінде келісімге келді, сондай-ақ жерсеріктік байланыс саласында өзара ынтымақтастықта болуға ниет білдіріп, тиісті Келіссөздер хаттамасына қол қойды. Сонымен қатар, радиожиілік қызметтері арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

6 + three =