ТМД елдері үшін 2024 жылғы ХЭО радиобайланыс бойынша өңірлік семинары (RRS-24-CIS)

ТМД елдері үшін 2024 жылғы ХЭО радиобайланыс бойынша өңірлік семинары (RRS-24-CIS)

26.04.2024 Жаңалықтар 0

 

          2024 жылғы 15-19 сәуір аралығында Астана қаласында ТМД елдері үшін 2024 Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭО) радиобайланыс   бойынша  өңірлік семинары (RRS-24-CIS) өтті, оны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Байланыс саласындағы аймақтық достастықпен (БАД) бірлесіп ұйымдастырды. Семинарға Әзербайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы Байланыс әкімшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ Халықаралық Электр байланысы одағының Радиобайланыс бюросының (ХЭО-R) өкілдері қатысты.

          ХЭО өңірлік семинарына Қазақстан Республикасы Байланыс әкімшілігі делегациясының құрамында «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК мамандары қатысты.

          Семинар екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім аясында «Заманауи спектрді басқару» тақырыбында форум өтті, ал екінші бөлім спектрді пайдалануды халықаралық басқарумен және жиіліктің Халықаралық анықтамалық тізілімінде жиілікті тағайындауды тіркеу рәсімдерімен байланысты тұжырымдамаларға арналды. Бұдан басқа, 2023 жылғы Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясының (ДРК-23) және 2023 жылғы Радиобайланыс ассамблеясының негізгі қорытындыларына, сонымен бірге келесі ДРК-27 күн тәртібіне шолу ұсынылды. Халықаралық жиілікті пайдалануды басқару үшін қолданыстағы нормативтік-құқықтық базалар, сонымен қатар, ХЭО-R ұсыныстары, және жиілік өтінімдері мен техникалық тексерулер үшін ХЭО әзірлеген құралдар бойынша негізгі дайындық қамтылған жердегі және ғарыштық қызметтер үшін спектрді пайдаланудың үздік тәжірибесі талқыланды.

          Соңғы бөлімде жердегі және ғарыш станциялары үшін ХЭО-R құралдарын пайдалану бойынша практикалық семинарлар өткізілді. Мұндай семинарлар қатысушыларға ХЭО нотификациялау рәсімдерімен, сондай-ақ  ХЭО-R мүше мемлекеттердің әкімшіліктері мен сектор мүшелеріне ұсынатын  бағдарламалық қамтамасыз етумен және электрондық шығарылымдармен жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.

          Семинар аясында Беларусь Республикасының Байланыс әкімшілігімен екіжақты кездесу өткізілді, оның барысында радиожиілік спектрін қайта бөлу/ рефарминг, конверсия және ұялы байланыс сапасын бақылау бойынша тәжірибе алмасу өтті. Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап спектр үшін төлем, санитарлық нормалар бағыттары бойынша және басқа да көптеген мәселелер бойынша БАД шеңберінде ынтымақтастықты дамыту туралы келісті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

four + 14 =