ТМД аймағы үшін даму мәселелері бойынша 2024 жылғы ХЭО аймақтық форумы

ТМД аймағы үшін даму мәселелері бойынша 2024 жылғы ХЭО аймақтық форумы

24.04.2024 Жаңалықтар 0

         2024 жылғы 26-27 наурыз аралығында Астана қаласында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы өңірі үшін даму мәселелері бойынша Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭО) екі күндік аймақтық форумы өтті. Форум Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және ХЭО Электр байланысын дамыту бюросымен (ЭДБ) ұйымдастырылды.

         Форумға қатысушылардың жалпы саны –  111 адам, олардың арасында ХЭО мүше мемлекеттерінің Байланыс әкімшіліктерінің, сектор мүшелерінің, академиялық мүшелерінің, реттеуші органдардың, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) мекемелерінің, халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болды.

Форумға Қазақстан Республикасы Байланыс әкімшілігінің делегациясының құрамында «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК («МРҚ» РМК) мамандары қатысты.

         Форумда 2022 жылғы Электр байланысын дамыту дүниежүзілік конференциясында (ЭБДК-22) бекітілген ТМД өңірі үшін Кигали іс-қимыл жоспары мен өңірлік бастамалардың (ӨБ) орындалу барысы туралы ХЭО ЭДБ есебі ұсынылды. Сонымен қатар, ХЭО мүше мемлекеттер, сектор мүшелері, серіктестер және басқа да мүдделі тараптар арасында цифрлық технологиялар арқылы  орнықты даму бойынша БҰҰ мақсаттарына қол жеткізуді жеделдету мүмкіндіктері талқыланды.

 

           ӨБ-1 дөңгелек үстелі аясында «МРҚ» РМК директоры Асхат Рахматуллин Қазақстан Республикасында 5G технологиясын дамытудың ағымдағы жағдайы туралы баяндама жасады.

         Бұдан басқа, форум шеңберінде Байланыс саласындағы аймақтық достастықтың (БАД) халықаралық ынтымақтастықты үйлестіру  комиссиясының (Комиссия) және Комиссия жанындағы ХЭО жұмыс тобының 46/46-шы бірлескен отырысы өтті.

         Форум нәтижесінде ЭБДК-22 барысында бекітілген ӨБ шеңберінде жобаларды іске асыру үшін ХЭО және БАД арасындағы ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге және ХЭО мен Қостанай инженерлік-экономикалық университеті (ҚИНЭУ) арасындағы ниет туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, ХЭО, Еуразиялық Даму Банкі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ арасында Орталық Азия мен Кавказ елдері үшін GovStack өңірлік жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастықты жариялау салтанатты рәсімі өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

four × five =