Радиожиілік спектрін және жерсеріктік орбиталарды пайдалануды реттеу жөніндегі Байланыс саласындағы аймақтық достастық комиссиясының жиырма бесінші отырысы

Радиожиілік спектрін және жерсеріктік орбиталарды пайдалануды реттеу жөніндегі Байланыс саласындағы аймақтық достастық комиссиясының жиырма бесінші отырысы

12.08.2024 Жаңалықтар 0

       

       2024 жылғы 11-15 наурыз аралығында Армения Республикасының Ереван қаласында Радиожиілік спектрін және жерсеріктік орбиталарды пайдалануды реттеу жөніндегі Байланыс саласындағы аймақтық достастық  комиссиясының (БАД комиссиясы) және оның жұмыс топтарының отырыстары өтті.

       Отырыс жұмысына Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан байланыс әкімшіліктерінің 113 өкілі, сондай-ақ МӘС, 1-ші ауданның Халықаралық әуесқой радио одағының (IARU-R1), Inmarsat, Viasat, Huawei, Policy Impact Partners өкілдері қатысты (PIP), APT аймақтық ұйымы, Eutelsat-OneWeb компаниясы және РСС Атқарушы комитеті қатысты.

       Делегация құрамына Қазақстан Республикасы Байланыс Әкімшілігінен «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК өкілдері қатысты, олар РСҚ комиссиясының және оның жұмыс органдарының құрамына кіреді.

       БАД комиссиясының отырысында радиобайланыс пен хабар таратудың өзекті мәселелері, сондай-ақ БАД комиссиясының жұмыс органдарының есептері қаралды.

       Беларусь Республикасы Байланыс әкімшілігінің шақыруы бойынша Комиссияның және оның жұмыс органдарының кезекті отырысын 2024 жылғы қыркүйекте Беларусь Республикасында өткізу туралы шешім қабылданды.

       БАД комиссиясы БАД қатысушы елдердің байланыс әкішіліктерінің Радиобайланыс ассамблеясына және 2027 жылғы Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясына (ДРК-27) дайындау жоспарын бекітті, сондай-ақ БАД байланыс әкімшіліктеріне жұмыста пайдалану үшін БАД ұсынымдары мен есептерін және жұмыс органдарының басқа да құжаттарын бекітті және ұсынды.

       Бұдан басқа, БАД комиссиясы Қазақстан Республикасы байланыс әкішілігінен ДРК-27 күн тәртібінің тармақтары бойынша үйлестірушілер мен қосалқы үйлестірушілерді бекітті.

       БАД комиссиясының төрағасы Бутенко Валерий Владимирович, сондай-ақ отырыстың барлық қатысушылары комиссия отырысын өткізуді тамаша ұйымдастырғаны үшін Армения Республикасының Байланыс әкімшілігіне алғыстарын білдірді.

       Сонымен қатар, Армения Республикасының Ереван қаласында БАД іс-шараларын өткізу кезеңінде 2024 жылғы 11-15 наурыз аралығында Армения Республикасы мен Қазақстан Республикасы делегацияларының өкілдері арасында геостационарлық емес спутниктік желілерді үйлестіру бойынша кездесу өтті. Делегация құрамына Қазақстан Республикасы Байланыс әкімшілігінен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникация комитетінің, сондай-ақ «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК өкілдері қатысты. Армения Республикасы Байланыс әкімшілігі делегациясының құрамына Республикалық телекоммуникация орталығының өкілдері қатысты. Осы кездесудің қорытындысы бойынша тараптар спутниктік байланыс саласында өзара ынтымақтастық жөніндегі ниеттерін білдіріп, келіссөздердің тиісті хаттамасына қол қойды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

seven − one =