Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарлама
«МРҚ» РМК директорының 31.07.2024 ж. № 01-02/133 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар кестесіне сәйкес, 2024 жылғы 28 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алған аралықта мынадай бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады:
1) «МРҚ» РМК қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердегі және ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау;
2) «МРҚ» РМК ұйымдық-басқару қызметіндегі тәуекелдерді талдау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда, 8 (7172) 27-31-19 телефон нөмірі немесе a.turyssov@rfs.gov.kz электрондық мекенжайы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бас инспекторы А. Тұрысовқа хабарласуға болады.