04.10.2024 Жаңалықтар 0

 

Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының жерүсті қызметтері станцияларына жиілікті беруді

үйлестіру мәселелері жөніндегі сараптамалық топтың отырысы

       2024 жылғы 27-29 тамыз аралығында Баку қаласында Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының жерүсті қызметтері станцияларына жиілікті беруді үйлестіру мәселелері жөніндегі сараптамалық топтың отырысы өтті.

       Топтың жұмысына Қазақстан Республикасы Байланыс Әкімшілігінен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің, «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК, Әзірбайжан Республикасының Байланыс Әкімшілігінен Әзірбайжан Республикасы Цифрлық даму және көлік министрлігінің, Мемлекеттік радиожиіліктер басқармасының, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар агенттігінің және «Телерадио» ӨБ қызметкерлері қатысты.

       Осы кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының шекаралас аудандарында жылжымалы қызметтің, тіркелген қызметтің және радиохабар тарату қызметінің жиілік иеліктерін үйлестіруге қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

       Осы отырыс шеңберінде радиожиілік спектрін пайдалануды реттеуде тәжірибе алмасу бойынша қосымша талқылаулар жүргізілді, сондай-ақ байланыс саласын дамытуға қатысты ақпарат талқыланды.

       Кездесу қорытындысы бойынша сараптамалық топтың қатысушылары келіссөздер хаттамасына қол қойып, жерүсті қызметтерінің техникалық сарапшылары деңгейінде үйлестіру жұмыстарын жалғастыру жөнінде шешім қабылдады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

19 + eighteen =