01.10.2024 Жаңалықтар 0

 

«МРҚ» РМК өкілдері Қазақстан Республикасы делегациясының құрамында OVZON спутниктік операторымен «KazSat-3» және

«Ovzon-3» спутниктерін бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді

       2024 жылғы 26-27 қыркүйекте Швецияның Стокгольм қаласында Қазақстан Республикасының делегациясы мен Ovzon спутниктік операторы арасында спутниктік желілерді жиіліктік тағайындауды үйлестіру шеңберінде 58,5°ш.б. және 59,7°ш.б. орбиталық позициялардағы спутниктерді бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша келіссөздер өтті.

       Кездесудің мақсаты Халықаралық электр байланысы Одағында мәлімделген орбиталық-жиілік ресурсын үйлестіру мәселелерін, сондай-ақ «KazSat-3» және «Ovzon-3» спутниктерін бірлесіп пайдалану мәселелерін қарау болды.

       Қазақстан Республикасы делегациясының құрамына «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК және «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ өкілдері қатысты.

       Швед операторы Ovzon делегациясының құрамына спутникті пайдалану мәселелері жөніндегі Вице-президент Пол Экберг бастаған компания өкілдері, сондай-ақ радиожиілік спектрін реттеу жөніндегі консультанттар мен техникалық сарапшылар қатысты.

       Келіссөздер барысында тараптар 58,5°ш.б. 59,7°ш.б. орбиталық позицияларда ХЭБО-да мәлімделген орбиталық-жиілік ресурсын үйлестіру жөнінде тиісті келіссөздер жүргізді және «KazSat-3» пен «Ovzon-3» спутниктерінің үйлесімділік шарттарын үйлестіру және әзірлеу жөніндегі техникалық шарттарды талқылады, сондай-ақ қолданыстағы және жоспарланған спутниктік жүйелерді пайдалану жөніндегі ақпаратпен алмасты.

       Сонымен қатар, тараптар «KazSat-3» және «Ovzon-3» пайдаланылатын байланыс спутниктері бір жиілік диапазонында және шағын орбиталық аралықта жұмыс істейтінін ескере отырып, өзара ынтымақтастық туралы ниеттерін білдірді.

       Осы келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар «KazSat-3» және «Ovzon-3» спутниктерін бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша жұмыстарды жалғастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізді.

       Кездесу соңында келіссөздердің тиісті хаттамасына қол қойылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

1 × 2 =