25.09.2024 Жаңалықтар 0

 

Радиожиілік спектрін және жерсеріктік орбиталарды пайдалануды реттеу жөніндегі Байланыс саласындағы

аймақтық достастық комиссиясының жиырма алтыншы отырысы

       2024 жылғы 9-13 қыркүйек аралығында Беларусь Республикасының Брест қаласында Радиожиілік спектрін және жерсеріктік орбиталарды пайдалануды реттеу жөніндегі Байланыс саласындағы аймақтық достастық  комиссиясының (БАД комиссиясы) 26-шыотырысы және оның жұмыс органдарының отырыстары өтті.

       Отырыс жұмысына Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы Байланыс әкімшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ ХЭО Радиобайланыс бюросының, ТМД өңірі үшін ХЭО өңірлік бөлімшесінің, 1-ші ауданның Халықаралық әуесқой радио одағының (IARU-R1), GSMA, «Huawei», Eutelsat-OneWeb, GTNT компанияларының, Америка мемлекеттері ұйымына мүше елдердің америкааралық телекоммуникация комиссиясы (CITEL), Азия-Тынық мұхиты телекоммуникациясы (АТСЭ) және БАД Атқарушы комитетінің  өкілдері қатысты.

       Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігіннің делегациясы құрамында «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілдері қатысты,олар БАД комиссиясының және оның жұмыс органдарының құрамына кіреді.     

 

       Сапардың мақсаты ҚР БӘ техникалық сарапшыларының ДРК-27 күн тәртібінің тармақтары бойынша үйлестірушінің материалдарын ұсынуы, онда жауапты үйлестірушілер мен қосалқы үйлестірушілер ҚР БӘ өкілдері болып табылады, сондай-ақ ДРК-27 күн тәртібінің 1.5-тармағы бойынша зерттеулерді қолдау мақсатында ҚР БӘ ұсыныстарын таныстыру болып табылады. Сонымен қатар, ҚР АӘ атынан БАД қатысушы елдерінде радиожиілік спектрін бөлу және пайдалану үшін ақы төлеу бойынша құжат жобасын және БАД қатысушы елдерінде ұялы жылжымалы байланыстың репитерлерін (ретрансляторларын) пайдалануды реттеу бойынша құжат жобасын әзірлеуге қатысты ұсыныстары таныстырылды.

БАД комиссиясының төрағасы Валерий Владимирович Бутенко, сондай-ақ отырыстың барлық қатысушылары Комиссия отырысын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Беларусь Республикасының Байланыс әкімшілігіне алғыстарын білдірді.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

ten + 7 =