04.11.2024 Жаңалықтар 0

 

Халықаралық электр байланысы одағы мен Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін Жерді бақылау: технологиялары, спектрі, қолдануы, әсері« семинары

Халықаралық телекоммуникация одағының 7-ші зерттеу комиссиясының жұмыс топтарының отырыстары

       2024 жылғы 16-17 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында «Тұрақты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін Жерді бақылау: технологиялары, спектрі, қолдануы, әсері» атты Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭО) және Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның семинары өтті. Бұл семинар «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін Жерді бақылау: технологиялары, спектрі, қолдануы, әсері» тақырыбындағы  ХЭБО/ДМҰ үш өңірлік семинарлар сериясында бірінші болып өтті.

       Семинарға ХЭО-ға мүше 59 елден, 6 ғылыми және өнеркәсіптік ұйымдардан делегаттар қатысты. Делегация құрамында Қазақстан Республикасы Байланыс әкімшілігіннің делегациясы құрамында «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілдері қатысты, олар ДРК-27 күн тәртібінің тармақтары бойынша Байланыс саласындағы аймақтық достастық шеңберінде бірлескен зерттеулердің үйлестірушілері болып табылады. Сондай-ақ осы іс-шараны ұйымдастыруға қатысты.

       Семинарда ДМҰ мен ХЭО-ның Жерді бақылау және метеорология саласындағы қызметі, сондай-ақ бүкіл әлемдегі метеорологиялық және онымен байланысты экологиялық қызметтердің негізінде жатқан метеорологиялық және гидрологиялық Инфрақұрылым, Жерді бақылау және метеорологияда қолданылатын радиобайланыс технологиялары, ғарыш агенттіктерінің болашағы: ағымдағы және болашақ миссияларды қарау,  спектрдің қолданыстағы және болашақ қажеттіліктері, Радио кедергілердің Жерді бақылау үшін спектрді қолдануға әсері, ДРК-23 нәтижелері және ДРК-27-ге дайындық мәселелері талқыланды.

7-ші зерттеу комиссиясының жұмыс топтары

       2024 жылғы 16-27 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында Халықаралық электр байланыс одағының 7-ші зерттеу комиссиясының жұмыс топтарының отырыстары өтті.

       7-ші зерттеу комиссиясының («ғылыми қызметтерге») қызмет саласына стандартты жиіліктер мен уақыт сигналдары қызметі, ғарыштық зерттеу қызметі (ҒЗҚ), ғарыштық пайдалану қызметі, жерді зерттеудің спутниктік қызметі (ЖЗСҚ), метеорологиялық спутниктік қызмет (МетСат), метеорологияның көмекші қызметі (МКҚ) және радиоастрономиялық қызмет жатады.

       Отырыстар барысында әрбір жұмыс тобы келесі мәселелерді қарады:

7А жұмыс тобы уақыт сигналдары мен стандартты жиіліктерге қатысты;

7В жұмыс тобы ғарыштық пайдалану, ғарыштық зерттеулер, Жерді зерттеу спутниктік қызметі және метеорологиялық спутниктік қызмет үшін телебасқару, қадағалау және Телеметрия деректерін беру/қабылдау жүйесінің ғарыштық радиобайланысын қолдануға қатысты;

7С жұмыс тобы жерді зерттеудің спутниктік қызметінде қашықтықтан зондтау жүйелеріне, белсенді және пассивті қашықтықтан зондтауды қолдануға қатысты;

7D жұмыс тобы радиоастрономияға қатысты.

       Айта кету керек, Қазақстан Республикасы алғаш рет осындай деңгейдегі ХЭО-ның іс-шарасын ұйымдастырды, ал берілген алаң радиобайланыс және метеорология саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік берді.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

nineteen − four =