Байланыстың болашағы: IPv6 және телекоммуникациядағы прогресс» форумы

Байланыстың болашағы: IPv6 және телекоммуникациядағы прогресс» форумы

05.12.2024 Жаңалықтар 0

       2024 жылғы 28-29 қараша аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Huawei» компаниясымен бірлесіп ұйымдастырған «Байланыстың болашағы: IPv6 және телекоммуникациядағы прогресс» форумы өтті.

       Форумға Әзірбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы Байланыс әкімшіліктерінің, сондай-ақ «Huawei», «SAMENA Telecommunications Council» сияқты жетекші телекоммуникациялық компаниялардың және байланыс операторларының өкілдерін қоса алғанда, 100-ден астам қатысушы жиналды.

       Форум жұмысына «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК («МРҚ» РМК) өкілдері де қатысты.

       Форум IPv6 хаттамасын енгізу, 5G дамыту, радиожиілік спектрін жоспарлау және өңірді цифрландыру сияқты телекоммуникация саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін маңызды іс-шара болды. Орталық Азия елдері өкілдерінің, сондай-ақ жетекші телекоммуникациялық компаниялардың қатысуы өңірдің алдында тұрған негізгі міндеттер мен қиындықтарды талқылауға және оларды шешудің ортақ тәсілдерін әзірлеуге мүмкіндік берді.

       Форум аясында Байланыс әкімшіліктері өкілдерінің қатысуымен «Радиожиілік спектрін пайдалану және жоспарлау мәселелері» бойынша дөңгелек үстел өтті, оның барысында өңірде радиожиілік спектрін пайдалану мен жоспарлаудың өзекті мәселелері қарастырылды.

       «МРҚ» РМК қызметкерлері дөңгелек үстелді ұйымдастыруға қатысты, сондай-ақ отырыстың модераторы және спикерлері болды.

       Отырысқа Әзірбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы Байланыс әкімшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ Huawei компаниясы мен GSMA қауымдастығының өкілдері қатысты.

       Дөңгелек үстел радиожиілік спектрін пайдалану және жоспарлау мәселелері бойынша тәжірибе мен ақпарат алмасудың маңызды алаңына айналды. Өңір елдері арасында іс-қимылдарды үйлестіру қажеттілігіне ерекше назар аударылды, бұл радиожиілік спектрін пайдалануды оңтайландыруға және жаңа технологияларды дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

three × four =