Дүниежүзілік ХЭО-ның радиобайланыс семинары (ДРС-2024)

Дүниежүзілік ХЭО-ның радиобайланыс семинары (ДРС-2024)

11.12.2024 Жаңалықтар 0

       

       2024 жылғы 2-6 желтоқсан аралығында Швейцарияның Женева қаласында Халықаралық электрбайланысы одағының (ХЭО) Дүниежүзілік радиобайланыс семинары (ДРС-2024) өтті, оған 1500-ден астам адам қатысты, бұл ХЭО-R жұмысына қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.

       ХЭО Аймақтық радиобайланыс семинарларының циклына қосымша екі жылда бір рет Дүниежүзілік радиобайланыс семинарларын ұйымдастырады. Әрбір ДРС ғарыштық және жерүсті қызметтері, тиісті спутниктік орбиталар үшін радиожиілік спектрін пайдалану, сондай-ақ ХЭО радиобайланыс регламентінің ережелерін қолдану мәселелеріне арналған.

       ХЭО-ның Дүниежүзілік семинарына Қазақстан Республикасы Байланыс әкімшілігі делегациясының құрамында «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК мамандары қатысты.

       Семинар екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім радиобайланыстың жалпы мәселелеріне, ХЭО-ның радиобайланыс регламентін қолдануға және әртүрлі радиобайланыс қызметтеріндегі үрдістерге арналған 2-3 желтоқсан аралығындағы пленарлық сессияларды қамтыды. Сондай-ақ оларға ХЭО-R Зерттеу комиссияларының, Радиорегламенттік комитеттің, радиобайланыс Ассамблеясының және Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясының (ДРК) қызметі мен жұмысын сипаттай отырып, ДРК-23 қорытындысына баса назар аудара отырып, кіріспе енгізілді.

       Екінші бөлімде 4-6 желтоқсан аралығында жерүсті және ғарыштық радио қызметтері бойынша семинар-практикумдар өтті. ДРС-2024 семинар-практикумдарының үш күн ішінде қатысушылар ХЭО-да өтініш рәсімдерін, сондай-ақ радиобайланыс бюросы әлемнің түкпір-түкпірінен келген ХЭО мүшелеріне ұсынатын бағдарламалық қамтамасыз етуді, деректер базасын және электрондық жарияланымдарды қолданудың тікелей практикалық тәжірибесін алды. Сондай-ақ жаңадан бастаушыларға да, ХЭО-ның бағдарламалық құралдарын тәжірибелі пайдаланушыларға да арнайы сессиялар өткізілді.

       Семинар-практикумдарға қатысу ХЭО – ға мүше мемлекеттермен және академиялық ұйымдармен, сондай-ақ ХЭО-R секторының мүшелері мен қауымдастырылған мүшелерімен шектелді.

       Бұл семинар 2025 жылы радиобайланыс регламентінің жаңа редакциясының күшіне енуіне байланысты БҚ-ның жаңартылған нұсқаларымен жұмыс істеудің бірегей тәжірибесін ұсынды, сондай-ақ ХЭО алаңы шеңберінде «МРҚ» РМК қызметкерлері жерүсті және ғарыш қызметтері үшін радиожиілік спектрін пайдалану мәселелері бойынша біліктілікті арттыруға мүмкіндік алды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

fourteen − 13 =