13.06.2022 Жаңалықтар 0

Радиожиілік спектрін және жерсеріктік орбиталарды пайдалануды реттеу жөніндегі Байланыс саласындағы аймақтық достастық комиссиясының жиырма бірінші отырысы

2022 жылғы 30 мамыр-3 маусым аралығында Қырғыз Республикасының Шу облысының Қой-Таш ауылында Радиожиілік спектрін және жерсеріктік орбиталарды пайдалануды реттеу жөніндегі Байланыс саласындағы аймақтық достастық  комиссиясының (БАД комиссиясы) және оның жұмыс топтарының (РГ АР/ВКР, РГ РЧС, РГ РВ, ПГ ЦТВ) отырыстары өтті.

Отырыс жұмысына Армения Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Түрікменстан, Өзбекстан Республикасы байланыс әкімшіліктерінен және Халықаралық электр байланысы одағынан (ХЭО), 1-ші өңір радиоәуесқойларының халықаралық одағынан (IARU-R1), EUTELSAT, OneWeb және БАД Атқарушы комитетінен жалпы 83 өкіл қатысты.

Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігіннің делегациясы құрамында «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері қатысты. Кәсіпорын қызметкерлері БАД комиссиясының және оның жұмыс топтарының құрамына кіреді, сондай-ақ 2023 жылғы Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясы күн тәртібінің тармақтары бойынша БАД шеңберіндегі бірлескен зерттеулердің үйлестірушілері болып табылады.

БАД комиссиясының отырысында радиобайланыс және хабар таратудың өзекті мәселелері, сондай-ақ БАД комиссиясы жұмыс органдарының есептері қаралды.

БАД комиссиясы есептер мен ұсынымдарды бекітіп, БАД Байланыс әкімшіліктеріне жұмыста пайдалану үшін ұсынды. Сонымен қатар, 2023 жылғы Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясы күн тәртібінің тармақтары бойынша БАД Байланыс әкімшіліктерінің алдын ала ұстанымын бекітті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

one × 2 =