2025 жылғы Digital Almaty халықаралық цифрлық форумы шеңберіндегі «Ғарыштық қызмет қазіргі заманда: мүмкіндіктер, жаңалықтар және перспективалар» оқыту семинары

2025 жылғы Digital Almaty халықаралық цифрлық форумы шеңберіндегі «Ғарыштық қызмет қазіргі заманда: мүмкіндіктер, жаңалықтар және перспективалар» оқыту семинары

13.02.2025 Жаңалықтар 0

        

         2025 жылғы 1 ақпанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ-мен серіктестікте «Интерспутник» халықаралық жерсеріктік байланыс ұйымының ұйымдастыруымен және Халықаралық электр байланысы одағының қолдауымен оқыту семинары өтті.

         Іс-шараға Әзербайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы Байланыс әкімшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ ғарыш саласының мамандары мен сарапшылары қатысты. Қазақстан Республикасы Байланыс әкімшілігі делегациясының құрамында «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК (бұдан әрі – «МРҚ» РМК) мамандары қатысты.

         Семинардың негізгі тақырыптары ғарыш технологиялары мен инновацияларды дамыту, сондай-ақ көрші елдердің халықаралық ғарыш қызметіндегі тәжірибесін қоса алғанда, көптеген мәселелерді қамтыды. Ғарыштық технологиялардың экономикаға, соның ішінде ауыл шаруашылығына, энергетикаға және көлік секторына әсеріне, сондай-ақ өмір сапасын жақсарту және процестерді оңтайландыру үшін жерсеріктік технологияларды пайдалануға ерекше назар аударылды.

         «МРҚ» РМК өкілдері Қазақстан Республикасы Байланыс әкімшілігінің «Қазақстан Республикасындағы орбиталық-жиілік ресурсын халықаралық-құқықтық қорғау» және «Халықаралық электр байланысы одағының Радиорегламенттік комитетінің жұмыс әдістері туралы» тақырыптары бойынша семинардың баяндамашылары ретінде сөз сөйледі.

         Іс-шара барысында ашық диалог өтті, оның барысында қатысушылар ғарыш қызметіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады, сондай-ақ қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

         Семинар қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушылар тәжірибе алмасып, ғарыш саласын дамыту перспективаларын талқылап, одан әрі ынтымақтастық үшін байланыс орната алды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

two − 1 =