Наурыз мейрамы — 2019

Наурыз мейрамы — 2019

19.04.2019 Жаңалықтар 0

20 сәуір күні «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК қызметкерлері Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығында көктемнің басты мерекесі – Наурыз мейрамын атап өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырып, оған ҚР ЦДИАӨМ барлық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев әріптестері мен барлық қатысушыларды Наурыз мейрамымен құттықтап, мерекелік іс-шараны ашып берді.

Наурыз мейрамында концерттік бағдарлама жүргізіліп, мерекелік дастархан жайылды. Мерекенің негізгі тағамы наурыз көже мен бауырсақ та ұсынылды. Сонымен қатар, ұлттық бейнемізді айқындайтын киіз үйлер де орнатылды.

Концерттік бағдарламада музыкалық аспаптардан құралған ансамбльдер, ұлттық би ұжымдары, ұлттық әндерді орындаушылар мен домбыра шертушілер ерекше көзге түсті. «МРҚ» РМК қызметкерлері Битұрғанов Арман мен Әбдіраман Әлия «Ерке сылқым» күйін орындап берді.

Сонымен қатар, «арқан тарту», «тоғыз құмалақ», гирь көтеру, шахмат, «асық ату», «қазақ күресі», армрестлинг, «бұрық-теппек»  сияқты спорттық ойындар да өткізіліп, оған «МРҚ» РМК қызметкерлері белсене қатысты. Ал «МРҚ» РМК қызметкері Нұрышев Айдос ЦДИАӨМ барлық бағынысты ұйымдарының арасында «Тоғыз құмалақ» ұлттық ойынының жеңімпазы атанды.

ҚР ЦДИАӨМ басшылығы турнирге қатысушыларды құттықтап, жеңімпаздарға сыйлықтарын, медальдары мен дипломдарын берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

19 − 16 =