«МРҚ» РМК мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері қазақстандық алғашқы «Al-Farabi-2» наножерсерігі бойынша бірлескен жұмыстарды қорытындылады

«МРҚ» РМК мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері қазақстандық алғашқы «Al-Farabi-2» наножерсерігі бойынша бірлескен жұмыстарды қорытындылады

24.12.2018 Жаңалықтар 0

11 – 12 желтоқсанда Алматы қаласында «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің өкілдері арасында жұмыс кездесуі өтті.

4 желтоқсан күні Ванденберг (АҚШ, Калифорния штаты) әскери-әуе базасының ғарыш айлағында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында жинақталған алғашқы қазақстандық «Al-Farabi-2» наножерсерігі ұшырылған болатын.   

Аталған жерсерік ғылыми зерттеулер үшін, сондай-ақ технологиялық және оқу тапсырмаларын шешу үшін де арналған. Жерсеріктің бортында ҚазҰУ ғалымдары мен инженерлері жасап шығарған шағын ғарыштық аппараттарға арналған борттық компьютер сынақтан өтуде.        

AL-FARABI-2 геостационарлық емес жерсеріктік желісі үшін Халықаралық электр байланысы одағында орбиталық-жиілік ресурсын халықаралық-құқықтық қорғау бойынша техникалық сүйемелдеу жұмыстарын «МРҚ» РМК жүзеге асырды және қазіргі таңда «Al-Farabi-2» жерсерігі сәтті пайдаланылуда. 

Аталған жерсеріктік желінің жиілік иеліктерін қорғау бойынша жұмыстардың аясында шетелдік Байланыс әкімшіліктерімен және жерсеріктік операторлармен үйлестіру кездесулері өткізілді. 

Бүгінгі таңда AL-FARABI-2 жерсеріктік желісінің жиілік иеліктері Халықаралық электр байланысы одағында тіркелген және халықаралық деңгейде танылды.

11 – 12 желтоқсан күндері Алматы қаласында өткен жұмыс кездесуінің аясында «МРҚ» РМК өкілдері көрсетілген қызметтер бойынша есеп берді, сондай-ақ жерсеріктің жұмыс істеуі және жұмыс істейтін тораптардың ерекшеліктері туралы техникалық мәселелерді талқылады.

Өз кезегінде университет өкілдері наножерсеріктерді жинақтайтын зертхананы, жерсерікті басқарудың жердегі кешенін және Жерді қашықтықтан зондтау орталығын көрсете білді.    

Кездесудің соңында екі тарап университет базасында іске асырылатын ғарыштық жүйелерді дамыту аясында бұдан әрі өзара ынтымақтастықта болуға ниет білдірді, сондай-ақ ұйымдар арасында іскерлік қарым-қатынасты дамытуға қызығушылық танытты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

seventeen − 7 =