ҚР БӘ мен БАӘ БӘ өкілдері арасында өткен жерсеріктік желілерді үйлестіру кездесуі

ҚР БӘ мен БАӘ БӘ өкілдері арасында өткен жерсеріктік желілерді үйлестіру кездесуі

19.11.2018 Жаңалықтар 0

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері Байланыс әкімшіліктерінің өкілдері орбиталық-жиілік ресурсын үйлестіру бойынша кездесу өткізді. 

2018 жылдың 29 – 31 қазаны аралығында Дубай қаласында Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Байланыс әкімшіліктерінің геостационарлық және геостационарлық емес жерсеріктік желілерін үйлестіру бойынша 3-ші кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты Қазақстан Республикасы мен БАӘ Байланыс әкімшіліктерінің атынан Халықаралық электр байланысы одағына мәлімделген геостационарлық және геостационарлық емес жерсеріктік желілерді (орбиталық-жиілік ресурсы)үйлестіру болып табылды.

Орбиталық-жиілік ресурсы радиожиілік ресурсы мен жерсеріктік орбиталардың мейлінше тапшы ресурстық базасы болып табылады, сондай-ақ кез келген мемлекет үшін ғарыштық саланы дамытатын ұлттық игілік болып табылады. 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы «KazSat» жерсеріктік байланыс жүйесі арқылы еліміздің барлық аумағын байланыс және хабар тарату қызметімен қамтамасыз ететін, «KazEOSat» ЖҚЗ ғарыштық жүйесі арқылы жергілікті жерді картографиялауды қамтамасыз ететін өзінің орбиталық-жиілік ресурсына ие, сондай-ақ Жерді және ионосфераны ғарыштық зерттейтін «KazSTSat» және «KazSciSat-1» жерсеріктері бар .  

Қазақстан Республикасының атынан делегация құрамында ҚР АКМ «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК өкілдері қатысты. БАӘ делегациясының құрамында Телекоммуникациялар саласында реттеуші органның өкілдері (БАӘ Байланыс әкімшілігі), сондай-ақ Yahsat және Thuraya жерсеріктік операторлары қатысты.     

Кездесу барысында БАӘ жерсеріктік желілері мен «KAZSAT» жерсеріктік желілері арасында жиілік иеліктерін келісу бойынша үйлестіру жұмыстары жүргізілді. 

Сонымен қатар БАӘ геостационарлық емес жерсеріктік желілері мен Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесінің геостационарлық емес жерсеріктік желілері арасындағы жиілік иеліктерін, сондай-ақ ғылыми-технологиялық бағыттағы ғарыштық жүйені келісу бойынша үйлестіру жұмыстары жүргізілді.  

Сондай-ақ, тараптар жерсеріктік байланыс саласында көптеген мәселелер шеңберінде бұдан әрі өзара ынтымақтастықта болуға ниеттерін білдірді.

Кездесудің қорытындысы бойынша Келіссөздер хаттамасына қол қойылды. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

11 + 2 =