Байланыс және телерадиохабар тарату сапасын техникалық бақылау қызметі
Халықтың теле-, радиоарналарды қабылдауы сапасын қоса алғанда, көрсетілетін байланыс қызметтері сапасының параметрлерін өлшеу жөніндегі жұмыстарды орындайды
Негізгі функциялары:
Техникалық қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын таратудың операторлары көрсететін теле-, радиоарналарды халықтың қабылдау сапасын бақылауды Қызмет жүзеге асырады:
- Дыбыстық сервис сапасының көрсеткіштерін өлшеу және бағалау;
- Деректерді беру сервисі сапасының көрсеткіштерін өлшеу және бағалау;
- Радиоқамту сипаттамаларын өлшеу және бағалау.
Техникалық қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын таратудың операторлары көрсететін теле-, радиоарналарды халықтың қабылдау сапасын бақылауды Қызмет жүзеге асырады:
- Сәулелену параметрлерін өлшеу және эфирде ТХ таратудың РЭҚ жиілік мәндерін пайдалануға берілген рұқсаттарға сәйкестігін тексеру (далалық өлшеулер);
- Сәулелену параметрлерін өлшеу және эфирде ТХ таратудың РЭҚ жиілік мәндерін пайдалануға берілген рұқсаттарға сәйкестігін тексеру;
Қолданылатын жабдықтар мен бағдарламалық жасақтама:
- Tems Investigation;
- Tems Pocket;
- Tems Discovery;
- Rohde&Schwarz TSMW;
- Rohde&Schwarz Romes;
- Rohde&Schwarz ETL;
- HD Ranger Promax;
- Rohde&SchwarzFreeriderIV.
НОРМАТИВТІК БАЗА
- «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 заңы ;
- «Байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 327 бұйрығы;
- «Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 71 бұйрығы.
- «Байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 410 бұйрығы;
- «Телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 70 бұйрығы.