Радиомониторинг жүйелерін пайдалану қызметі

Радиомониторинг жүйелерін пайдалану қызметі азаматтық бағыттағы радиожиілік спектрін және радиоэлектрондық құралдарды мониторингілеу бойынша жұмыстарды техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.  

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының барлық аумағында арнайы радиожабдықпен жабдықталған 24 стационарлық радиобақылау пунктін (СРБП) және 14 жылжымалы өлшеу-пеленгациялық кешенін (ЖӨПК) тарта отырып қызмет көрсету бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.  

Стационарлық радиобақылау пункттері барлық облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана, Алматы, Семей, Жезқазған және Сарыағаш қалаларында орналасқан.

Радиомониторинг жүйелерін пайдалану қызметінің негізгі міндеттері:

1) Радиожиілік спектрін мониторингілеу, радиосәулелену көздерін анықтау және талдау;

2) Радиоэлектрондық құралдардың радиосәулелену параметрлерін техникалық қадағалау;

3) Заңсыз қолданылып жатқан радиоэлектрондық құралдар мен беймәлім тасымалдағыштарды анықтау және олардың жұмыс істеуіне жол бермеу; 

4) Радиобөгеуілдер көзінің орналасқан жерін анықтау және жою;

5) Байланыс операторларының, жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пйдалануын, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың техникалық параметрлерге сәйкестігін тексеру кезіндегі іс-шараларды қамтамасыз ету.     

Негізгі жабдық

«ИРКОС» ЖАҚ және «СДЦ» АБҚ ресейлік өндіруші компанияларының радиобақылау жабдығы пайдаланылады.  

Қосымша жабдық

Agilent, Anritsu, Rohde&Schwarz және т.б. әлемдік өндірушілердің өлшеу жабдығы. 

НОРМАТИВтік БАЗА