26.05.2022 Жаңалықтар 0

2022 жылы 19 мамыр күні «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы секторының ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі астаналық департаментінің Баспасөз басқармасы қызметкері А. Аңсағанова, қоғамдық белсенділер тобының мүшесі, қалалық депутатының көмекшісі А.С. Шаріпжанов және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Ө. Сейтқожин, ардагерлері М. Кенбаев пен Қ. Тлеулиндердің қатысуымен кәсіпорын ұжымының қызметкерлерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың соңғы жылдары енгізілген өзгерістермен толықтырулар туралы жаңалықтар баяндалды. Мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен тәрбие, тәртіп қалыптастыру шараларын қамтамасыз ету туралы әңгіме қозғалды. Кездесу қызықты және маңызды мәліметтерге толы болып ұжым қызметкерлерінің алғысын алды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

thirteen − twelve =