2022 жылғы 1-9 наурыз аралығында Женева қ. (Швейцария) ХЭО-ның Электрбайланысты стандарттау жөніндегі дүниежүзілік ассамблеясы өтті.
Электрбайланысты стандарттау жөніндегі дүниежүзілік ассамблеясы (ЭСДА) Телекоммуникацияларды стандарттау секторының жоғарғы органы болып табылады, ол төрт жыл сайын жиналып, ХЭО-T зерттеу топтарының зерделейтін тақырыптарын анықтайды, олар өз кезегінде осы тақырыптар бойынша Ұсыныстар әзірлейді. ЭСДА ХЭО-T үшін жалпы бағыт береді және құрылымын белгілейді.
Осы ассамблея аясында, осы іс-шараға алғаш рет қатысқан «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК қызметкерлері Байланыс саласындағы өңірлік достастық елдері атынан ХЭО-Т қарарлары бойынша бірқатар ұсыныстарын енгізді. Осы ұсыныстар бойынша талқылаулар жүргізіліп, тиісті шешімдер қабылданды. Сондай-ақ, күн сайын Байланыс саласындағы өңірлік достастық елдерінің есеп беру кездесулері өткізілді.
Сондай-ақ, шет мемлекеттердің Байланыс әкімшіліктерінің басшыларымен екіжақты келіссөздер жүргізілді. Келіссөздердің негізгі мәселесі, 2022 жылдың қыркүйегінде Өкілетті конференция барысында өтетін ХЭО басшылық лауазымдарына, Радиорегламентарлық комитеті және ХЭО Кеңесінің мүшелеріне алдағы сайлау болды (Бухарест, Румыния).