Бейнеконференция

Бейнеконференция

27.12.2021 Жаңалықтар 0

Қазақстан Республикасы Байланыс әкімшілігі мен Ресей Федерациясының Байланыс әкімшілігінің арасындағы техникалық мамандардың Үйлестіру кеңесі (бейнеконференция арқылы)

2021 жылғы 21-23 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Байланыс әкімшілігі мен Ресей Федерациясының Байланыс әкімшілігінің техникалық сарапшыларының үйлестіру кеңесі (бейнеконференцбайланыс арқылы) жерүсті қызметтерінің станциялары жиіліктеріне халықаралық үйлестіру мәселелері бойынша өтті.

Кездесу барысында екіжақты келіссөздер арқылы келесі мәселелер пысықталды:

– шекаралас аймақтарда 880-915 МГц және 925-960 МГц, 1710-1785 МГц және 1805-1880 МГц, 2500-2690 МГц радиожиілік жолақтарын бірлесіп пайдалану;

– бесінші буынның ұялы байланыс жүйелерінің радиожиілік жолақтарын перспективалық пайдалануын талқылау;

– шекаралас аймақтарда ӨЖЖ ЖМ (VHF FM) хабарларын таратуды үйлестіру мәселелерін талқылау;

– электромагниттік өрістердің кернеулігін есептеуге арналған арнайы бағдарламалық құралдарды қолдану бойынша тәжірибе алмасу;

– жеке радиожиілік жолақтарын пайдалануға қатысты мәселелерді және жиілік тағайындауларын үйлестіруге қатысты басқа да мәселелерді талқылау.

Кездесудің қорытындысы келіссөздер хаттамасына қол қою болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

9 − eight =