Радиожиілік спектрін және жерсеріктік орбиталарды пайдалануды реттеу жөніндегі Байланыс саласындағы аймақтық достастық комиссиясының жиырмасыншы отырыс

Радиожиілік спектрін және жерсеріктік орбиталарды пайдалануды реттеу жөніндегі Байланыс саласындағы аймақтық достастық комиссиясының жиырмасыншы отырыс

13.12.2021 Жаңалықтар 0

2021 жылғы 6- 10 желтоқсан аралығында Беларусь Республикасының Минск қаласында өткен Радиожиілік спектрін және жерсеріктік орбиталарды пайдалануды реттеу жөніндегі Байланыс саласындағы аймақтық достастық  комиссиясының (бұдан әрі – БАД комиссиясы) және оның жұмыс топтарының (РГ АР/ВКР, РГ РЧС, РГ РВ, ПГ ЦТВ) отырысы өтті. Отырыс гибридті форматта, offline және online түрінде өтті.

Отырыс жұмысына байланыс әкімшіліктерінің 110-нан астам өкілі қатысты: Әзірбайжан Республикасының, Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Монғолияның, Ресей Федерациясының, Түрікменстан, Өзбекстан Республикасының, және Халықаралық электр байланысы одағының өкілдері, Еуропалық пошта және электр байланысы конференциясының, бірінші өңірдің халықаралық одағының радиоәуесқойлардың (IARU-R1), GSMA, GSA, EUTELSAT, OneWeb және БАД Атқарушы комитетінің.

Қазақстан Республикасының Байланыс Әкімшілігінен делегация құрамында «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілдері қатысты. бұл қызметкерлер БАД комиссиясының және оның жұмыс топтарының құрамына кіреді, сондай-ақ 2023 жылғы Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясының күн тәртібінің тармақтары бойынша БАД шеңберіндегі бірлескен зерттеулердің үйлестірушілері болып табылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

twelve − 9 =