Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігінің және Әзірбайжан Республикасы Байланыс әкімшілігінің делегациялары арасындағы жерсеріктік желілерді үйлестіру бойынша кездесу

Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігінің және Әзірбайжан Республикасы Байланыс әкімшілігінің делегациялары арасындағы жерсеріктік желілерді үйлестіру бойынша кездесу

21.04.2023 Жаңалықтар 0

 

         Конференцияның дайындау кезінде жиналған кеңес (CPM23-2) отырыстары кезінде Әзірбайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасының делегациялары 2023 жылғы 27-31 наурыз аралығында жерсеріктік желілерді жиілікпен беруді үйлестіру бойынша кездесу өткізді.

         Кездесу достық және нәтижелі атмосферада өтті, барлық қатысушылар кәсіби шеберлік пен жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсетті. Аталған жерсеріктік желілердің жиілік тағайындауларын үйлестіру мәселелерінің барлық аспектілері қарастырылды.

         Халықаралық электрбайланыс Одағында мәлімделген Қазақстан Республикасы Байланыс әкімшілігі мен Әзірбайжан Республикасы Байланыс Әкімшілігінің жерсеріктік желілері тікелей жақын орналасқан және орбиталық-жиілік ресурсын бірлесіп пайдалануды келісуді талап етеді.

         Келіссөздер барысында тараптар үйлестірілетін жерсеріктік желілер арасындағы өзара кедергі деңгейлерінің тиісті есептеулерін жүргізді және осы жерсеріктік желілерді үйлестіруді аяқтаудың техникалық шарттарын талқылады, сондай-ақ қолданыстағы және жоспарланған жерсеріктік желілерді пайдалану бойынша ақпаратпен алмасты.

         Келіссөздер өзара түсіністік пен сындарлы ынтымақтастық рухында өтті. Осы кездесудің қорытындысы бойынша Тараптар үйлестіру жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізді, сондай-ақ келіссөздердің тиісті хаттамасына қол қойды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

5 × 1 =