Радиожиілік спектрін және жерсеріктік орбиталарды пайдалануды реттеу жөніндегі Байланыс саласындағы аймақтық достастық комиссиясының жиырма үшінші отырысы
2023 жылғы 22-26 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Алматы қаласында Радиожиілік спектрін және жерсеріктік орбиталарды пайдалануды реттеу жөніндегі Байланыс саласындағы аймақтық достастық комиссиясының (БАД комиссиясы) және оның жұмыс топтарының (РГ АР/ВКР, РГ РЧС, РГ РВ, ПГ ЦТВ) отырыстары өтті.
Отырыс жұмысына Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы байланыс әкімшіліктерінен және Халықаралық электр байланысы одағынан (ХЭО), 1-ші өңір радиоәуесқойларының халықаралық одағынан (IARU-R1), Inmarsat және БАД Атқарушы комитетінен жалпы 88 өкіл қатысты.
Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігіннің делегациясы құрамында «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері қатысты. Кәсіпорын қызметкерлері БАД комиссиясының және оның жұмыс топтарының құрамына кіреді, сондай-ақ 2023 жылғы Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясы күн тәртібінің тармақтары бойынша БАД шеңберіндегі бірлескен зерттеулердің үйлестірушілері болып табылады.
БАД комиссиясының отырысында радиобайланыс және хабар таратудың өзекті мәселелері, сондай-ақ БАД комиссиясы жұмыс органдарының есептері қаралды.
БАД комиссиясы БАД мүше-мемлекеттерінің жиіліктерді бөлу ортақ кестесінің фрагменттерін бекітіп, БАД Байланыс әкімшіліктеріне жұмыс барысында пайдалану үшін ұсынды. Сонымен қатар, 2023 жылғы Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясы (ДРК-23) күн тәртібінің тармақтары бойынша БАД Байланыс әкімшіліктерінің ұстанымын және кейбір тармақтар бойынша БАД жалпы ұсыныстар жобасын бекітті.
БАД комиссиясының төрағасы Валерий Владимирович Бутенко және БАД Атқарушы комитетінің сектор меңгерушісі Александр Владимирович Кириченко, сондай-ақ жиынға қатысушылар Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігіне БАД комиссиясы отырыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.
Сонымен қатар, БАД іс-шаралары аясында «Huawei Technologies Co., Ltd» компаниясының Қазақстан Республикасы Байланыс әкімшілігінің өкілдеріне арналған презентациясы өтті.
«Huawei Technologies Co., Ltd» компаниясының өкілдері ДРК-23 күн тәртібінің кейбір тармақтары бойынша өз ұстанымдарын білдірді. Сондай-ақ, «Huawei Technologies Co., Ltd» Қазақстан Республикасы Байланыс әкімшілігіне үйлестіруді жоспарлауды, қолдауды және Халықаралық жылжымалы электр байланысы үшін төменгі және орта диапазондағы спектрді кеңейтуді қамтамасыз етуді ұсынды.