«Digital Almaty-2024»: «Industry X: Болашақтың цифрлық эволюциясы» атты цифрлық форумы

«Digital Almaty-2024»: «Industry X: Болашақтың цифрлық эволюциясы» атты цифрлық форумы

16.02.2024 Жаңалықтар 0

       

       2024 жылғы 1-3 ақпан аралығында Алматы қаласында «Industry X: Болашақтың цифрлық эволюциясы» тақырыбында «Digital Almaty 2024» алтыншы жыл сайынғы форумы өтті. «Digital Almaty» халықаралық цифрлық форумы – цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы.

       «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК («МРҚ» РМК) қызметкерлері форумның панельдік сессияларына, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің АКТ дамытуға жауапты министрліктері мен ведомстволары басшыларының кездесуіне және ЕАЭО-ға қатысушы елдердің пленарлық отырысына қатысты. Аталған іс-шаралар барысында тұрақты цифрлық инфрақұрылымды және телекоммуникациядағы жаңа технологияларды дамыту мәселелері талқыланды.

       Сонымен қатар, «Digital Almaty 2024» аясында «МРҚ» РМК мамандары Қазақстан Республикасы Байланыс әкімшілігі делегациясының құрамында «Ookla» және «Huawei» компанияларымен кездесулерге қатысты.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

4 × three =