Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдерімен жұмыс кездесуі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдерімен жұмыс кездесуі

25.01.2024 Жаңалықтар 0

          2024 жылғы 24 қаңтарда қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

          Кездесу барысында қатысушылар білім беру, ғылым, білім алушылардың кәсіптік (оқу-өндірістік, дипломалды) практикаларын ұйымдастыру, жұмыскерлердің біліктілігін арттыру және кәсіптік қайта даярлау курстары, өзара қызығушылық тудыратын салаларда мамандар даярлаудағы ынтымақтастық, сондай-ақ тараптар өкілдерін дәріс оқуға шақыру, оқу-әдістемелік, ғылыми жұмыс бойынша тәжірибе және ақпарат алмасу бағыттарында өзара тиімді жәрдемдесу бойынша бірқатар мәселелерді талқылады.

          Кездесуге қатысушылар өткізілген кездесу үшін өзара алғыс білдіріп, бірлескен жемісті жұмысқа дайын екендіктерін білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

eight + fifteen =