Гранттық бағдарлама бойынша конкурс!

Гранттық бағдарлама бойынша конкурс!

18.01.2024 Жаңалықтар 0

Гранттық бағдарлама бойынша конкурс!

           Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Өндірістік сектордың консорциумдары: құзыреттер орталықтары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жарияланғаны туралы хабарлайды.

           Гранттық бағдарламаның мақсаты-жаңа технологияларды ғылыми-зеріктеушілік және тәжірбиелік-құрастырым жұмыстарын әзірлеу арқылы жасанды интеллектті дамытуға және өнеркәсіптің жүйелі салалық міндеттерін шешуге бағытталған құзыреттілік орталықтарын құру, зертханалық масштабта өндірістік процестерді модельдеу («модельдік фабрика») және жетілдіру, сондай-ақ саланы дамыту бойынша ұсынымдарды талдау және әзірлеу. Гранттық бағдарлама аясында бірнеше қатысушылар арасында консорциум құру қажет. 10% – дан бастап қоса қаржыландыру қаражатын енгізе отырып, өндірістік кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдардың қатысуы консорциумның міндетті шарттары болып табылады.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 29 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 13:00-де аяқталады.

Гранттар бағдарламасы бойынша толық ақпаратты жобаның www.fpip.kz. сайтынан таба аласыз. Барлық сұрақтар бойынша consortia@fpip.kz электрондық пошта арқылы немесе +7 777 149 80 36 телефондар арқылы хабарласа аласыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

one × four =