«Орталық Азия өңірінде жылжымалы байланысты дамыту мақсатында 700 МГц диапазонын босату» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Орталық Азия өңірінде жылжымалы байланысты дамыту мақсатында 700 МГц диапазонын босату» тақырыбындағы дөңгелек үстел

07.11.2023 Жаңалықтар 0

       2023 жылғы 2-3 қарашада Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында «Орталық Азия өңірінде жылжымалы байланысты дамыту мақсатында 700 МГц диапазонын босату» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырды.

       Отырысқа Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы Байланыс әкімшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ Халықаралық электр байланысы одағының, «Huawei» компаниясы және Қазақстан Республикасының байланыс операторларының өкілдері қатысты.

       Қазақстан Республикасы Байланыс әкімшілігі делегациясының құрамында «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК өкілдері қатысты.

       Дөңгелек үстел отырысында 694-790 МГц диапазонын пайдаланудың ағымдағы жағдайы, 5G технологиясын дамыту және енгізу, Орталық Азияда 694-790 МГц радиожиілік жолағын босату мақсатында жердегі эфирлік телехабар таратуды көшіру жоспарлары мен ұсыныстары туралы мәселелер, сондай-ақ аймақтағы басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

       Сонымен қатар, дөңгелек үстел аясында «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК директоры Асхат Рахматуллин баяндама жасады.

       «Huawei» компаниясы және Қазақстан Республикасының ұялы байланыс операторларының өкілдері өз презентацияларын жасады.

       Іс-шараның нәтижесінде Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасының Байланыс әкімшіліктері көтерілген мәселелер бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.

       Іс-шараға қатысушылар Халықаралық электр байланысы одағы Радиобайланыс бюросының қызметкерлеріне отырысқа белсенді қатысқандары үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі мен «Huawei» компаниясына жоғары деңгейде өткен дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

sixteen + eight =