Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының жерүсті қызметтері станцияларына жиілікті беруді үйлестіру мәселелері жөніндегі сараптамалық топтың отырысы.

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының жерүсті қызметтері станцияларына жиілікті беруді үйлестіру мәселелері жөніндегі сараптамалық топтың отырысы.

30.10.2023 Жаңалықтар 0

       

       2023 жылғы 16-18 қазан аралығында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының жерүсті қызметтері станцияларына жиілікті беруді үйлестіру мәселелері жөніндегі сараптамалық топтың отырысы өтті.

       Топтың жұмысына Қазақстан Республикасы Байланыс Әкімшілігінен Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитетінің, «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК, Өзбекстан Республикасы Байланыс Әкімшілігінен Өзбекстан Республикасы цифрлық технологиялар министрлігінің, ГУП «ЦЭМС» және ГУП «UNICON.UZ» қызметкерлері қатысты.

       Осы кездесу барысында қатысушылар Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының шекаралас аудандарында жылжымалы қызметтің, тіркелген қызметтің және радиохабар тарату қызметінің жиіліктік берілуін үйлестіруге қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

       Осы отырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының азаматтық мақсаттағы радиоқызметтері пайдаланатын 30.0 – 1000.0 МГц радиожиілік белдеуіндегі радиожиілік беруді шекара маңындағы аймақтарда үйлестіру туралы келісімнің жобасы және радиоқызметтер пайдаланатын 30-1000 МГц радиожиілік белдеуіндегі азаматтық мақсаттағы Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының радиожиілік беруді үйлестірудің техникалық негіздері жөніндегі келісімнің жобасы талқыланды.

       Кездесу қорытындысы бойынша сарапшылар тобының қатысушылары келіссөздер хаттамасына қол қойды, сондай-ақ жердегі қызметтердің техникалық сарапшылары деңгейінде үйлестіру жұмыстарын жалғастыруға шешім қабылдады.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

20 + 15 =