Құрметті ізденуші!

Құрметті ізденуші!

10.12.2024 Жаңалықтар 0

Ұжыммен жұмыс істей білу, көңілді пейіл, өмірлік ұстанымы бар және өз-өзіне талап қоя білу – міне, бұл «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жұмыс істегісі келетін үміткерлерде болуы қажет қасиеттер.

Білікті кадрларды тарту үшін, жұмыскерлер конкурстық негізде қабылданады. «МРҚ» РМК рекрутинг рәсімдерін ашық, әділ және шынайы түрде өткізуге тырысады.

Кәсіпорында ізденушілер түйіндемесінің базасы қалыптасқан. Сіз өз түйіндемеңізді қажетті лауазымды көрсете отырып немесе көрсетпестен, электрондық, факсимильді байланыспен немесе қолма қол мына мекенжайға тапсыра аласыз: 010000, Астана қ., Есіл ауданы, А.Иманов к-сі, 13, Кадр жұмысы және іс жүргізу бөлімі, е-mail: hr@rfs.gov.kz.    

Бос орындар туралы ақпарат алдағы уақытта сайтқа жарияланатын болады.

Бос орын пайда болған жағдайда және Сіздің біліктілігіңіз бен тәжірибеңіз қажетті талаптарға сәйкес болса, біз Кәсіпорында қолданылатын конкурстық негізде іріктеу рәсімдерінен өту үшін, Сізге міндетті түрде хабарласамыз.

Конкурс 37

Өтініш үлгісі

Түйіндеме үлгісі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

11 − nine =